2025 жылдың 26-28 қараша аралығында Алматы қаласында, Satbayev University базасында Қазақстан тарихында алғаш рет механизмдер мен машиналар теориясы және роботтар механикасы бойынша 6-шы Дүниежүзілік студенттік олимпиада (SIOMMS-2025) өтті. Олимпиада механизмдер мен машиналар саласындағы ғылымды дамыту жөніндегі Халықаралық федерация (IFToMM) қолдауымен ұйымдастырылды.
Олимпиада екі жылда бір рет өткізіледі, ал оны қабылдайтын ел IFToMM Президиумының шешімімен анықталады. Қазақстанның бұл халықаралық іс-шараны өткізу құқығын алғаш рет иеленуі – отандық ғылыми мектептің механизмдер мен машиналар теориясын дамытуға қосқан елеулі үлесінің мойындалуы болып табылады.
IFToMM Халықаралық федерациясы Еуропа, Азия және Америкадағы жетекші инженерлік орталықтарды қамтитын 45 мүше елді біріктіреді.
Олимпиадаға Қытай, Түркия, Ресей, Үндістан, Испания, Венесуэла, Қырғызстан және басқа да елдерден келген студенттер мен оқытушылар, сондай-ақ Қазақстанның аймақтық жоғары оқу орындарының командалары қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: IFToMM Kazakhstan, Satbayev University және академик У.А. Джолдасбеков атындағы Механика және машинатануы институты. Іс-шараға Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясы қолдау көрсетті.
Олимпиада бағдарламасының қамтылуы:
– ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, IFToMM Президиумы және Satbayev University басшылығы қатысқан ашылу рәсімі;
– «Механизмдер және машинатануы» және «Роботтар механикасы» бағыттары бойынша конкурс тапсырмалары;
– халықаралық лекциялық сессия және Satbayev University зертханаларына экскурсиялар;
– жеңімпаздарды марапаттау рәсімі және мәдени бағдарлама. SIOMMS-2025 олимпиадасының Қазақстанда өткізілуі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, отандық инженерлік мектептің беделін арттыруға және студенттердің жаһандық ғылыми-техникалық бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.

