2026 жылғы 2-3 сәуірде Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы өтті.

Қазақстан машина жасаушыларының форумы машина жасау саласы мен өңдеу өнеркәсібін дамытудың тұжырымдамалық пайымын қалыптастыру, мемлекеттік өнеркәсіптік саясат тетіктерін талқылау, импортты алмастыру мен технологиялық жаңғыртуды ынталандыру үшін мемлекет пен бизнес арасындағы басты диалог алаңы болып табылады. Шара барысында мемлекеттік индустриялық саясаттың тетіктері, импортты алмастыруды ынталандыру, технологиялық жаңғырту, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары талқыланды.

Форумның пленарлық отырысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қатысты. Премьер-Министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларына сәйкес Қазақстанда машина жасау саласын дамыту үшін болжамды және тұрақты ортаны құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын ерекше атап өтті.

Машина жасаушылар форумы отандық жетекші өндірушілерден, 20-дан астам, соның ішінде Австрия, Германия, Италия, Қытай және басқа елдердің мамандары және бизнес өкілдерінен тұратын 1300-ден астам делегаттың басын қосты.

Форумға Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының қызметкерлері ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі А.Қ. Төлешов, профессор А.А. Жомартов қатысты.

Форум аясында өткен «KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2026» халықаралық мамандандырылған көрмесінде заманауи технологиялар, жабдықтар мен машина жасаудың әртүрлі сегменттеріндегі шешімдер көрсетілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *