2026 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында ғылым, бизнес, мемлекеттік органдар және халықаралық сарапшылар қауымдастығы өкілдерін біріктірген «SCIENCE & BUSINESS» V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Іс-шара ғылымды дамыту, ғылым мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстар нәтижелерін коммерцияландыру тетіктерін жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналды.
Конференция аясында академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты практикалық енгізуге бағытталған ғылыми әзірлемелерін ұсынды. Конференция қатысушылары тамақ, атом, өңдеуші өнеркәсіп, цифрлық технологиялар және роботтандырылған жүйелер салаларындағы әзірлемелермен танысты.
«SCIENCE & BUSINESS» конференциясын өткізу ғылым, бизнес және мемлекет арасындағы тиімді өзара іс-қимыл моделін дамытуға жоғары қызығушылық бар екенін растады және Қазақстан Республикасында ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру экожүйесін қалыптастырудағы практикалық қадам болды.


