2026 жылғы 18 мамырда ынтымақтастық туралы келісім аясында Қазақ ұлттық қыздар
педагогикалық университетінің 40 студенті Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және
машинатану институтында (ММашИ) өндірістік тәжірибеден өтуді бастады.
Студенттермен кездесуде ММашИ директорының ғылым жөніндегі орынбасары Хабиев
А.Т. институттың қызметі және жобалар аясында жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы айтып берді.
Институт зертханаларымен таныстыруды бас конструктор Камал Азиз ұйымдастырды.
Аталған тәжірибе 13 маусымға дейін жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *