2026 жылғы 8 қыркүйекте Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтында іргелі ғылыми зерттеулер бағдарламасы аясында ұйымдастырылған ғылыми-техникалық семинар өтті.
- 11 сентября, 2026
- admin
- 0
2026 жылғы 8 қыркүйекте Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтында іргелі ғылыми зерттеулер бағдарламасы аясында ұйымдастырылған ғылыми-техникалық семинар өтті.
Іс-шара механика, математикалық модельдеу, заманауи өлшеу технологиялары және материалтану саласындағы өзекті ғылыми зерттеулерді талқылауға арналды.
Семинар барысында Институт ғалымдары жүргізіп жатқан іргелі және қолданбалы зерттеулердің әртүрлі бағыттарын көрсететін үш ғылыми баяндама ұсынылды.
Бірінші баяндаманы Габбасов Марс Беккалиевич – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі «Көпөлшемді математиканы сұйықтық пен газ механикасы, аспан механикасы және серпімділік теориясының есептерін шешуде қолдану» тақырыбында ұсынды.

Баяндама аясында сұйықтық пен газ механикасы, аспан механикасы және серпімділік теориясының есептерін шешу үшін көпөлшемді математика әдістерін қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Күрделі механикалық үдерістерді зерттеуге мүмкіндік беретін математикалық тәсілдерге ерекше назар аударылды.
Смайлов Нуржигит Куралбаевич – PhD, қауымдастырылған профессор «Деформацияны өлшеу дәлдігін арттыру үшін талшықты-оптикалық сенсор параметрлерін оңтайландыру» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада деформацияларды өлшеу дәлдігін арттыру мақсатында талшықты-оптикалық сенсор параметрлерін оңтайландыруға бағытталған зерттеу нәтижелері ұсынылды. Мұндай технологияларды құрылыстардың күйін бақылау және өлшеудің заманауи міндеттерін шешу үшін пайдаланудың перспективалылығы атап өтілді.
Үшінші баяндама – «Битум негізіндегі композиттік материалдармен 3D-басып шығару технологиясының мәселелері мен перспективалары» – Хабиев Алибек Талгатбекович (PhD) тарапынан ұсынылды.

Баяндама барысында битум негізіндегі композиттік материалдардан бұйымдар жасау кезінде аддитивті өндіріс технологияларын қолданудың өзекті мәселелері қарастырылды. Қолданыстағы проблемаларға, технологиялық ерекшеліктерге және осы бағытты одан әрі дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.
Семинарды О.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының ғылыми кеңесшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ҰИА академигі Тулешов Амандык Куатович басқарды.
Ұсынылған баяндамалар семинар қатысушыларының қызығушылығын тудырып, заманауи механиканың, өлшеу технологияларының және жаңа материалдардың өзекті мәселелері бойынша кәсіби пікірталасқа негіз болды.
Осындай ғылыми-техникалық семинарларды өткізу ғылыми нәтижелермен алмасуға, пәнаралық өзара іс-қимылды дамытуға және Институтта орындалатын іргелі және қолданбалы зерттеулерді одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.

