Институт механики и машиноведения имени академика У.А.Джолдасбекова

Саммиттің мақсаты – тәжірибе мен білім алмасу, сондай-ақ, әртүрлі сектор өкілдері мен жас ғалымдар арасында байланыс орнату. Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының жас ғалымдары да бұл саммитке белсене қатысты. Отырыста пәнаралық ынтымақтастықтың өзекті тақырыптары, ғылым мен мемлекеттік және жеке сектор арасындағы өзара іс-қимыл перспективалары, Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді дамытудың негізгі міндеттері мен мүмкіндіктері талқыланды.