2026 жылғы 27 сәуірде академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтында «Робот-манипуляторлардың динамикасы және басқарылуы» тақырыбында ғылыми-техникалық семинар өтті.
Іс-шара барысында робототехникалық жүйелердің динамикасын модельдеудің өзекті мәселелері, робот-манипуляторларды басқару алгоритмдерін әзірлеу, сондай-ақ зымыран техникасын басқарудың заманауи тәсілдері қарастырылды.
Баяндамашылар – техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі А.Қ. Төлешов және техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі М.М. Молдабеков – күрделі техникалық нысандарды басқарудың дәлдігін, тұрақтылығын және тиімділігін арттыру әдістерін қамтитын ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды.
Интеллектуалды басқару жүйелерін интеграциялау, сандық әдістерді қолдану және робототехника мен аэроғарыштық техника салаларында цифрлық модельдеу мәселелері қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Семинар ғылыми қызметкерлер арасында тәжірибе алмасуға, зерттеудің перспективалық бағыттарын талқылауға және пәнаралық өзара іс-қимылды нығайтуға арналған алаңға айналды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар күрделі техникалық жүйелердің динамикасы мен басқарылуы саласындағы зерттеулерді одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.



