8-10 қазан 2026 ж. | Алматы, Қазақстан
Конгресске дейін қалды:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының қатысуымен.
Конгрестің мақсаты – ғылымның өзекті мәселелері мен қазіргі жетістіктерін талқылау, механика, робототехника, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және инженерлік ғылымдардың даму басымдықтарын айқындау, сондай-ақ пәнаралық және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Конгреске ғалымдар, зерттеушілер, оқытушылар, инженерлер, докторанттар, магистранттар, ғылыми және білім беру ұйымдарының, салалық институттардың және өндірістік кәсіпорындардың өкілдері шақырылады.
Қатысу түрлері: күндізгі, онлайн және постерлік.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Академик Ж.С. Ержановтың туғанына 105 жыл толуына арналған
Академик Ш.А. Ершиннің туғанына 100 жыл толуына арналған
Академик Ө.А. Жолдасбековтің туғанына 95 жыл толуына арналған
Академик Ғ. Уәлиев туғанына 85 жыл толуына арналған
Академик Т.А. Мұсабаевтың жарқын естелігіне арналған
* Ерте төлем мерзімі Ұйымдастыру комитетінің қосымша растауына жатады. Стандартты төлем мерзімі – 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін.
** Ұйымдастыру жарнасына баяндаманың тезисін электрондық жинақта жариялау, үлестірме материалдар және ресми кешкі ас кіреді.
Конгрестің тең төрағалары
Бағдарламалық комитет мүшелері:
Тең төрағалар:
Хатшы:
Исова А.Т. | тел. +7 777 379 88 59 | MechCongress@gmail.com
Конгресс қорытындысы бойынша еңбектер жинағы жарияланады. Толық мәтінді мақалаларды жариялау шарттары туралы ақпарат авторларға қосымша хабарланады.
Қатысушылардың үздік баяндамалары мен жас ғалымдардың еңбектерін демеушілердің сертификаттары және сыйлықтарымен марапаттау жоспарлануда.
Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28
Email: MechCongress@gmail.com