Институт механики и машиноведения имени академика У.А.Джолдасбекова

16 сәуір М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде академик Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлының 70 жылдығына орайластырылған «Инженерлік білім және ғылым: цифрлық экономиканың сын-қатерлері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Жиын барысында академик Жұмахан Үшкемпірұлының білім мен ғылым саласындағы жетістіктері айтылып, мереке иесіне 70 жылдық мерейтойына арналған құттықтау сөздер тапсырылып, университеттің «Құрметті профессоры» куәлігі және «М.Әуезов» төсбелгісі табыс етілді.

Конференцияға еліміздің және алыс-жақын шет мемлекеттердің ғалымдары, сондай-ақ, ҚР Ұлттық инжинерлік академиясының вице-президенті, академик Нұрлан Темірбеков қатысты. Академик Ө.А Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты тарапынан институттың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және коммерцияландыру бөлімінің басшысы, академик А.Джомартов «Сымарқанды параллель роботтарды практикалық қолдану» тақырыбында баяндама жасады.