AP22783377 «Жетілдірілген беріктік пен тозуға төзімділік сипаттамалары бар химиялық және гидрометаллургиялық өндірістер үшін перспективалы 3D басып шығару қондырғыларын құрудың негізгі мәселелері» ғылыми жобасын іске асыру аясында жобаның жетекшісі, академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты (ИММаш) бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары А.Т. Хабиев Қытай Халық Республикасының Ханьчжун қаласындағы Шэньси технологиялық университетінің Машина жасау факультетіне барды.

2026 жылғы 2–7 қазан аралығында өткен жұмыс сапары халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға, зерттеу тәжірибесімен алмасуға, сондай-ақ химиялық және гидрометаллургиялық өндірістерге арналған перспективалы технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.

Университет өкілдерімен өткен кездесулер барысында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, беріктігі мен тозуға төзімділік сипаттамалары жоғары жабдықтарды әзірлеуде 3D-басып шығару технологияларын қолдану, сондай-ақ бірлескен ғылыми жарияланымдар дайындау перспективалары талқыланды.

